• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2022

Шенеуніктер жұмысқа орналасарда эссе жазатын болды

289 рет
көрсетілді

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу үшін шенеуніктер эссе жазатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тиісті заң жобасы парламенттің қарауына жіберілді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері мәлімдеме жасады.

«Мемлекеттік аппараттың сапасын арттыруға қосымша жағдай жасау мақсатында халықаралық тәжірибелер зерделеніп, әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу құралдарын әзірлеу шаралары жүргізілуде», дейді агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.

Бос лауазымға орналасу үшін цифрлық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетіне тестілеу, құзіреттер бойынша сұхбат, эссе жазу сондай-ақ профильді тестілеуден өткізу тәсілдері қарастырылуда.

Ажар Лаубаева