Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізд, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 41-ге төмендеді.
Президент кубогының финалына шығуы нәтижесінде Денис Евсеев 341-ден бірден 269-орынға көтерілді. Осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда. Сөйтіп екеуі де жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді.
Дмитрий Попко 179-ыншы, Михаил Кукушкин 207-інші, Тимофей Скатов 216-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 43, Александр Недовесов 61-сатыда тұр. Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге түсті. Зарина Дияс - 245, Жібек Құламбаева - 488 (+21), Гөзал Айнитдинова - 561. Жұптық сында Анна Данилина 23-орында келеді.