• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2022

Түркістан облысының тұрғыны ауласында сора өсірген

326 рет
көрсетілді

Түркістан облысының тұрғынынан 19 түп сора тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция инспекторларымен жүргізілген тексеру кезінде жергілікті тұрғынның ауласында ірі мөлшерде есірткіге ұқсас зат өсіретіндігі анықталды.

«Күдікті тұрғынның ауласына тінту жүргізген полицейлер 19 түп күтіп-баптап өсірілген есірткі затына ұқсас өсімдік пен кептірілген есірткі секілді ұнтақ тапты. Сондай-ақ есірткі қолдануға арналған арнайы бөтелкеден қолдан жасалған құрал тәркіленіп алынды. Алынған заттарға сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысымен өсімдік түптері 3,5 келіге жуық сора, ал кептірілгені марихуана болып шықты. Ол есірткі заттарын өзі қолдану мақсатында өсіргенін мойындады», делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) мен ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес, тергеу әрекеттері жүргізілуде.