Жексенбі күні Лос-Анджелестің Сан-Педро ауданындағы Пек саябағында атыс болып, екі адам қаза тапты, тағы бес адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News арнасына сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың бірінің жасы 23-те, екіншісі 53-те. Тағы бір адамның жағдайы ауыр. Оқиға жергілікті уақыт бойынша 16:00-де 500-ге жуық адам жиналған автокөлік көрмесі өтіп жатқан саябақта болған.
Полицияның мәліметінше, атыс саябақтағы бейсбол алаңдарының жанында екі топ адам арасындағы жанжал салдарынан туындаған. Оқ жаудырғандар бірнеше адам болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнынан бірнеше қару табылды.
Ұсталғандар жоқ, тергеу жалғасуда.