• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2022

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады

376 рет
көрсетілді

Қазақстанда 9 қыркүйекте Кәсіпкерлер күні және 19 желтоқсанда Жарнама маманы күнін атап өту ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда 1,6 млн-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олардың барлығы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, соңғы екі жыл қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мерекелік күн - Қазақстан кәсіпкерлері күнін 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. Қазақстан кәсіпкерлері күнін енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін шын мәнінде өзекті және маңызды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жарнама саласының мамандары танымал. Олар әлеуметтік белсенділік пен кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлес қосып жүр. Бүгінде Қазақстанда 2000-ға жуық жарнама ұйымы жұмыс істейді. Оларда шамамен 100 000 маман еңбек етеді. Сондықтан жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Заңның қабылданған күніне орайластыру ұсынылады», делінген Үкімет қаулысында.

Сондай-ақ қаулыда аталған мерекелерді бекіту - Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырғаны жазылған.