• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Шілде, 2022

Алматыда тау баурайындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

201 рет
көрсетілді

Алматы тауларындағы тұтанған шөпті сөндіруге ҚР ТЖМ мен Алматы қаласы әкімі аппаратының 109 құтқару қызметінің тікұшақтары жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«25 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Медеу ауданындағы Қимасар шатқалы баурайында құрғақ шөп жанғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖД құрамындағы табиғи өртті сөндіру жиынтық жасағы 100 адам, 14 техника, оның ішінде Іле Алатауы МҰТП ат патрулі – 60 адам, 109 қызметі және Қазавиаорман инспекторлары дереу жіберілді. Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару «Ми-8 АМТ» және Алматы қаласы әкімі аппаратының 109 құтқару қызметінің әрқайсысы 3 тоннадан су құю құрылғыларымен жабдықталған екі авиаборты жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Жоғары тік беткейінен, түнгі уақытта өрт сөндіру техникасы мен авиаборттарды қолдану мүмкіндігі болмады, осыған байланысты өрт сөндірушілер жанып жатқан жерге жаяу көтерілді. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бригасы 0, 06 алаңда құрғақ шөптің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру үшін Ермак аспалы өрт сөндіргіштер, шанцты құралдар (шартылдақтар, күректер) қолданылды. Өрт тұтанған аймақтағы жер жыртылды.

«Таулы-орманды жерде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз. ӘҚБК 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады. Жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жауапкершілікке (300 мың теңге) тартылады. Тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», деп атап өтті қалалық ТЖД баспсөз қызметінен.