• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2022

Жетісуда 6 жасар бала трактордың астына түсіп көз жұмды

Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлердің мәліметінше, тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.

«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104 бабы 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар