• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2022

Полиция елорда әкімдігінде болған төбелеске түсініктеме берді

253 рет
көрсетілді

Полиция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде төбелес шығарған әйелдердің ісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Полицияға 25 шілде күні сағат 11:12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген департамент хабарламасында.

Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны анықталды.

«Кикілжіңге қатысушылардың екі тараптан да бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», делінген хабарламада.