• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Шілде, 2022

Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өтті

223 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.