Төтенше жағдайлар министрлігі елордада көше ортасында өрт шыққан автобусқа қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«27 шілде күні сағат 14.45-те өрт сөндіру бөлімшелері Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесінде жанып жатқан автобус туралы түскен хабарлама бойынша шақыртуға шықты. Оқиға орнына жеткен бойда маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.