• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Шілде, 2022

Түркістан облысы Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

528 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданының жаңа әкімі қызметіне Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрбек Бадырақов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі мен Түркістан облысы әкімінің өкімімен тағайындалды.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап, Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмаларды сапалы орындауды жүктеді. Сонымен бірге аудан әкімі қызметін атқарған Бағлан Батыршаевқа жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.

Нұрбек Бақтыбайұлы 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Қазақстан халықтар достығы университетін тәмамдаған.

Мамандығы – су ресурстары және суды пайдалану; құқықтану.

Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған.

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекші маманы болды.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2013-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2017 жылдар аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕТҰ қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.