• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Экология 28 Шілде, 2022

Қоршаған ортаға қауіп төндіреді

350 рет
көрсетілді

Ормандардағы өрт қауіптілігін ауа райының жағдайлары бойынша жіктеу ормандардың өрт қауіптілігіне әсер ететін метеорологиялық жағдайларға байланысты тиісті аумақта орман өрттері шығуының және таралуының ықтималдылық дәрежесін анықтайды.

Жіктеу мақсаттары үшін метеорологиялық жағдайларды сипаттайтын кешенді көрсеткіш қолданылады. Кешенді көрсеткіштің көлеміне қарай ауа райы жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіп­тілігінің сыныбы белгіленеді.

Қазақстан Республикасының облыстарында ауа райы жағдайларына байланысты орман­дардағы өрт қауіптілігінің жергілікті сыныптары қолданылады. Осы арқылы кешенді көрсеткішті есептеу әдістемесін; өрт қауіптілігі сыныптарының шекарасын; жауын-шашынды есепке алу әдіс­темесін анықтайды.

Жергілікті сыныптарды қолдану туралы шешім орман шаруашылығы саласындағы аумақтық бөлім­шелердің бұйрығымен ресімделеді және әртүрлі уақыт кезеңдері үшін жеке-жеке белгіленуі мүмкін.

Ауа райының жағдайлары бойынша ормандар­дағы өрт қауіптілігін жіктеу жөнінде айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысы үшін өрт қауіптілігінің сыныбы категорияға жіктелінеді. Олар I – жоқ, II – әлсіз, III –орташа, IV – жоғары, V – төтенше.

Осы сыныптардың IV-V сыныбы белгіленген уақытта «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық таби­ғи паркі аумағында әрдайым аумақты қатаң бақы­лау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Тар­­ба­ға­тай» ұлттық паркі аумағында туристік бағыт­тар ­бо­­йынша демалушылар мен басқа да пайдаланушыларға ­рұқ­сат қағаздары берілмейді.

Табиғат аясына серуендеу кезінде өрт қауіпсіздігін катаң бақылау, біз бен сіздің міндетіміз әрі табиғатқа төнетін қатердің болмауының кепілі.

 

Қуандық ШӘРІПҚАНОВ,

«Тарбағатай» ұлттық паркінің орманшылық басшысының міндетін атқарушы

 

Абай облысы