• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2022

Екібастұз әкімінің орынбасарына қатысты үкім заңды күшіне енді

160 рет
көрсетілді

Бірақ сотталғандар Жоғарғы Сотқа жүгіне алады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары мен оның қарамағындағы екі адамға қатысты үкім 6 маусымда Екібастұз сотында жарияланды.Облыстық соттағы апелляциялық сатыда шешім өзгеріссіз қалды. Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Асланбек Садықов пен бас маман Қазбек Түсіпбековке мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны, сондай-ақ қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген айып тағылды.

- Үкім барлық үш адамға қатысты заңды күшіне енді, - деп нақтылады облыстық сотта.

Еске салсақ, сот үкімімен Бауыржан Ахметов сегіз жылға, ал Түсіпбеков пен Садықов жеті және алты жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталғандар алты ай ішінде Жоғарғы сотқа кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш бере алады.Бұған дейін орынбасары айыпталған Екібастұз әкімі егер облыс әкімі оның отставкасын қабылдаса, қоластындағылардың әрекеті үшін кабинетін босатуға дайын екенін айтты.