• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 28 Шілде, 2022

Анна Данилина Варшава турнирінің ширек финалына шықты

134 рет
көрсетілді

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге бастапқы кездесуін нидерландылық Арианне Хартоно – аустралиялық Оливия Тьяндрамулиямен өткізді.

Қазақстандық-германиялық жұп бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте нидерландылық-аустралиялық дуэт есе қайырды – 6:1. Супер тай-брейкте Данилина мен Фридзам жеңісті жұлып алды – 10:6. Бір сағат 17 минутқа созылған матч барысында қазақстандық-германиялық жұп 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 брейкпен көзге түсті. Данилина мен Фридзам жартылай финалға шығу үшін румыниялықтар Александра Игнатик – Габриэла Лимен таласады.