Нұр-Сұлтан қаласында 38 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 шілде күні сағат 10:11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», деген хабар таратты полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалған.