Иранның Тегеран провинциясында сел мен су тасқынынан төрт адам зардап шекті, 9 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бір күн бұрын Тегеран мен оның маңайында толассыз жауған жаңбыр сел мен көшкінге ұласқан.
Қазіргі сәтте Имамзаде Давуд ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жағдайға байланысты Иран Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир-Хусейн Коливенд және Теһран губернаторы Мухсин Мансуримен шұғыл жиын өткізді.
Иран президенті Эбрахим Раиси құтқару жұмыстарын жеделдетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.