• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2022

Биыл ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін 119 нысан ашылады

221 рет
көрсетілді

Петропавлда биыл жоспар бойынша 119 нысан мүгедектігі бар адамдарға оңтайландырылмақ. Оның жартысына жуығы - мемлекеттік мекемелер, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-ның қоғамдық кеңесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында есеп берілді. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Юлия Біржанованың айтуынша, 2021-2025 жылдарды қамтитын жоспар бар. Құжат бойынша осы аралықта 544 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңтайландырылуы керек.

«Былтыр 102 нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделді. Биыл 119 нысанда осындай жұмыстар жүргізілуі тиіс. Оның 64-і – мемлекеттік мекемелер. Соның ішінде 53-і – білім беру, 6-уы – мәдениет және спорт нысаны, 4 – аумақтық мемлекеттік мекеме және біреуі денсаулық сақтау нысаны. Жұмыс қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта нысандардың 24-і бейімделді», дейді Ю.Біржанова.

Маманның айтуынша, тек білім нысандарын мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы етудің өзіне 37 млн теңге керек.

«Петропавлдағы әлеуметтік маңызы бар ұйымдардың ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді болуы үнемі тиісті органдардың бақылауында. Мәселе Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың ісі бойынша үйлестіру кеңесінің отырыстарында да көтеріліп келеді. Жыл басынан мониторингтік топтар 31 нысанды аралап, анықталған сәйкессіздіктер бойынша ұсыным берді, түсіндіру жұмысын жүргізді», деді ол.