• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Шілде, 2022

Әбілқайыр Сқақов «Павлодар» Арнайы экономикалық аймағына барды

290 рет
көрсетілді

Экспортқа бағытталған кәсіпорын жыл сайын 30 мың тонна реагенттер мен қоспалар жасап шығаруға мүмкіндік береді. Бүгін Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласының Арнайы экономикалық аймағына барып, КТЖ-і нысанының құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазмұнайхим» ЖШС-ің жаңа зауыты Қазақстанда мұнай-химия өнімдерін толық циклмен өндіретін алғашқы зауыт. Оның қуаттылығы - жылына 30 мың тоннаға реагент пен қоспаларды құрайды. Осылайша, зауыт еліміздің мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындарын 60%-ға қамтамасыз етіп, өз өнімін ТМД, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс және АҚШ елдеріне жеткізеді.

«Зауыт үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі - 2,5 млрд теңге. Қазіргі кездің өзінде 30 тұрақты жұмыс орындары құрылды. Зауыт директоры А. Кенжебаевтың айтуынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында күрделі мұнай-химия өнімдерін жасауға мүмкіндік беретін жоғары температуралы синтез қондырғысының құрылысын бастау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Облыс әкімі отандық кәсіпкерлер жүзеге асырған жобаның маңыздылығын атап өтті.

«Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан технологиялық үдеріс заманауи әлемдік экономиканың жағдайындағы жылдам шешім әрі нарықтың сұранысына жауап береді. Кәсіпорын мемлекет, бизнес және ғылымның өзара әрекеттестігін іс жүзінде көрсетіп отыр. Бұл осындай жобалардың жиынтығын жүзеге асыру арқылы терең зерттеулер жүргізуге болатынын көрсетеді», деді Әбілқайыр Сқақов.

«Павлодар» АЭА аумағында 18 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазір мұнда шығарындыларды және шайынды суларды азайту үшін тазалау қондырғыларын құру жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ аймақ басшысы осы жобаны жүзеге асыру барысымен танысты. Қазіргі кезде биологиялық резервуарды орнату жұмыстары аяқталып, негізгі корпустың ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Әбілқайыр Сқақов АЭА-ың инфрақұрылымын дамыту және оған ары қарай қызмет көрсету бойынша бірқатар тапсырма берді.