• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 28 Шілде, 2022

Қоқыс үйінділерін жоймаған 86 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

192 рет
көрсетілді

Заңсыз қоқыс тасталған жерлерді жою жұмыстарын тиісінше атқармаған 86 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін экология департаменттері 86 лауазымды тұлғаны (әкімдер мен әкімдер орынбасарлары) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жауаптыларға жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам айыппұл салынды», делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, өңірлердегі экология департаменттері ішкі істер министрлігі және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп 2-3 шілде күндері заңсыз қоқыс тастауға қатысты рейд жүргізген.

«Өндіріс қалдықтарына қатысты халық арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, қоршаған ортаға ұқыппен қарау туралы жаднамалар таратылды», деп хабарлады Экология министрлігі.

Осы орайда, аталған ведомство заңсыз қоқыс тастауға қатысты WasteEdit және wasteviewer мобильді қосымшасының жұмыс істейтінін жеткізеді.