Англияның кейбір бөліктерінде теңіз деңгейі өткен ғасырдың басымен салыстырғанда екі еседен астам көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жыл сайынғы «Климат жағдайы» есебінде елдің кейбір бөліктерінде теңіз деңгейі кейінгі 30 жылда 1900 жылдардың басындағыдан екі есе жылдам көтерілгені жазылған.
Есепте 1900 жылдардың басында теңіздің көтерілу жылдамдығы жылына 1,5 миллиметр болған. Содан бері бұл көрсеткіш жылына 3 пен 5,2 миллиметрге өсіп отырған. Осылайша, кейінгі 30 жылда теңіз деңгейі 16,5 сантиметрге көтерілген.
Баяндаманы дайындаған сарапшылардың бірі Светлана Евреева су деңгейінің көтерілуіне Гренландия мен Антарктидадағы мұздықтардың еруі себеп болған деген тұжырым айтып отыр.
Баяндамада Ұлыбританиядағы жылыну жылдамдығы жаһандық орташа жылыну жылдамдығынан сәл жоғары екені айтылған.