• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Шілде, 2022

Ақтауда жол апатынан төрт адам қаза тапты

353 рет
көрсетілді

Ақтау-Атырау тас жолында жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Ақтау-Бейнеу тас жолының 325 шақырымында болған.   Lada Priora көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, Mercedes Benz S-320 көлігімен соқтығысты.   Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де көз жұмды. Сондай-ақ Lada Priora көлігінің екі жолаушысы қайтыс болды. Екі жолаушы жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Көз жұмғандардың ішінде 2020 жылы туған сәби бар.   Жол апаты, кеше, 28 шілдеде күндіз болды.   Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 4 бөлімі бойынша іс қозғалды.