АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин маңызды кездесу өткізуге бейілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы АҚШ пен Қытай басшыларының телефон арқылы сөйлесуінен кейін белгілі болған.
Мұндай ақпаратты Ақ үйдің аты-жөнін жасыруды қалаған жоғары лауазымды қызметкері мәлімдеген.
Сондай-ақ екі президент Тайвань мәселесін талқылаған. Ал кездесудің күні әлі белгіленген жоқ.