• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2022

Беларусь Лондондағы елшісін кері қайтарып алды

132 рет
көрсетілді

Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Беларусь Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританиядағы елшісін кері шақырып алып, Лондондағы Беларусь дипломатиялық миссиясының деңгейін уақытша сенімді өкілге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 

Сондай-ақ хабараламада «халқымызға, кәсіпорындардың қызметкерлеріне, Беларусь экономикасы мен қаржы жүйесіне қарсы бұрын-соңды болмаған санкцияларды енгізу, беларусь журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын шектеу, Белавия әуе компаниясының ұшуына негізсіз тыйым салу, ерікті ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына Беларусь парламентшілеріне виза беруден бас тарту және осы кезеңде басқа да заңсыз шектеу шаралары толыққанды диалогқа мүмкіндік бермейді» деген жолдар бар. 

«Біз бұл елге қарсы ешқандай қадам жасаған жоқпыз және бұрынғыдай өзара сыйластыққа негізделген сындарлы диалогты жақтаймыз. Ағымдағы ішкі саяси шоу аяқталып, Ұлыбритания үкіметінде өздерінің жеке рейтингі үшін емес, Ұлыбритания халқының игілігі мен Еуропа аймағындағы тұрақтылық мүддесі үшін жұмыс істейтін жауапты саясаткерлер пайда болғаннан кейін, диалогты қалпына келтіруді және толыққанды дипломатиялық қатынастарды жалғастырамыз», деді СІМ.