Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болды.
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», деп хабарлады ведомстводан.