1-6 тамыз аралығында Колумбияның Кали қаласында жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем чемпионаты кезінде Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды.
Олар:
- Анастасия Рыпакова - ұзындыққа секіру;
- Игорь Косолапов - биіктікке секіру;
- Ясмина Тоқсанбаева - 10000 метрге спорттық жүрістен;
- Ақбаян Нұрмамет - 1500 метрге жүгіру.