• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Шілде, 2022

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

101 рет
көрсетілді

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті рет шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол әлеуметтік желіге арнайы жазба қалдырып, қос тұжырымдағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды.

Әсіресе, WBO белдігінің иегері Деметриус Андрадеге қашпауға кеңес берді. Жуырда Бүкіләлемдік бокс ұйымы ресми түрде америкалық былғары қолғап шеберіне орта салмақтағы белбеуін қорғауды бұйырған еді. Егер ол бас тартса, Жәнібек автоматты түрде «уақытша» әлем чемпионы атағынан «толыққанды» чемпион дәрежесіне өтеді. Десе де ол кездесусіз чемпион болу жақсы, ал, чемпионды нокаутқа жіберу одан да жақсы деген ұстанымын байқатты.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін мамыр айында жұдырықтасты. Ол АҚШ төрінде британдық Дэнни Дигнуммен кездесіп, екінші раундта нокаутпен ұтты. Осының арқасында кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 12 жеңіске жеткізді.