• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Шілде, 2022

Өзбекстанда балабақшалардың бірінде бала қайтыс болды

275 рет
көрсетілді

Өзбекстанның Қашқадария облысы Шахрисабз қаласындағы №1 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесінде бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты пікір білдірді.

28 шілде күні мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 8 жасар бала балабақшаға қабылданбаған сіңлісімен бірге келген. 

Министрліктің мәліметінше, тәрбиеші ата-анасының өтініші бойынша 8 жасар баланы балабақшаға қалдырған. Басқарма мұның заңсыз екенін растады.

Түскі ас кезінде олар әжетханаға барған. Қыздардың бірі әжетханаға кіргенде екіншісі әжетхананың есігімен ойнап тұрған. Салдарынан дәретхана есігінің әйнегі сынып, шыны сынықтары қыздардың бірін ауыр жарақаттаған. 

Оқиғадан хабардар болған мекеме медбикесі тез арада алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда жараның тереңдігіне байланысты қыз бала көп қан жоғалтып, көз жұмған.

Қазіргі уақытта Шахрисабз қаласының прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.