• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Шілде, 2022

Грузияда құтқарушылар тікұшағы апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты

194 рет
көрсетілді

Грузияда құтқарушылар бригадасы мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 8 адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz«Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

29 шілде күні Гудаури тауларына құлаған парапланеристерді құтқару операциясы кезінде Грузия Ішкі істер министрлігінің шекара полициясына тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, жарылды.

Тікұшақ күннің екінші жартысында Тбилисиден Гудауриге ұшып шыққан.

Мақсаты Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл көмек орталығының дәрігерлерін және Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушыларын оқиға орнына жеткізу болған.

Маневр кезінде тікұшақтың артқы бөлігі тауға тиіп кеткен. Бұл артқы пропеллердің бұзылуына алып келген. Бұдан әрі ұшқыш басқаруға ие бола алмай, тікұшақ құлай бастаған. Тауға кезекті рет соғылған транспорт жарылып, қалдығы жарға құлады.

Оқиға салдарынан 8 адам қаза болды: экипаж командирі, 3 ұшқыш, 2 дәрігер және 2 құтқарушы.

Грузияда бүгін аза тұту күні жарияланды.