• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2022

Ақтөбеде бір үйдің екі баласы суға батып кетті

400 рет
көрсетілді

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 шілдеде сағат 19:30 шамасында Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне балалардың суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 

Белгілі болғандай, 2009 және 2011 жылы туған бір отбасының екі баласы жабдықталмаған орында шомылған. 

«Балалар Алматы ауданындағы жаңа көпір маңында рұқсат етілмеген орында шомылған. Сүңгуірлер екі баланың денесін жағалаудан 15 метр жерде 3 метр тереңдіктен тапты», деді ведомствоның баспасөз қызметі.