• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Шілде, 2022

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 4 жылға спорттан шеттетілді

267 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 26 жастағы Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан допингке қарсы орталығынан мәлім еткеніндей, мамыр айында Айбол Әбікеннің ағзасынан тыйым салынған мельдоний (милдронат) препараты табылған болатын. Осылайша, А.Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінде ғана, отыз жасқа жақындағанда орала алады.

Биылғы маусымда жалгерлік құқығымен павлодарлық «Ақсу» құрамында 7 матч өткізіп, 3 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Айбол - алматылық «Қайраттың» түлегі, оның ойыншы ретіндегі құқығы осы командаға тиесілі. Футболшы Қазақстан құрамасы сапында 14 матчта Албания қақпасына 1 гол соқты.

Осымен үш жылға жетпейтін мерзім ішінде допинг табылған Қазақстан құрамасының үш ойыншысы футболдан шеттетілді.

2020 жылдың күзінде БАӘ-нің «Аль-Айн» командасында доп тепкен Бауыржан Исламхан, ал өткен жылы күзде «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин екі жыл мерзімге футбол ойнау құқығынан айырылды.