Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, өлтірілген оқушыға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында», деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Думан Алтынбекұлы