• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2022

Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий ұзартылады

435 рет
көрсетілді

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатсын», делінген ұсынылған құжат жобасында.

Құжат жобасын жария түрде талқылау 11 тамызға дейін жалғасады.