• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2022

Батыс өңірлердегі тұрғындардың жалақысы өседі

157 рет
көрсетілді

2025 жылға қарай атыраулықтардың табысы 18, маңғыстаулықтардың табысы 22 пайызға өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау және Маңғыстау облыстарының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары инвестициялық жобаларды іске асыруға, жұмыс орындарын құруға, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған. Кешенді жоспарларда Атырау облысында 187 іс-шараны және Маңғыстау облысында 227 іс-шараны іске асыру көзделген. Кешенді жоспарларды іске асыру 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімді Атырау облысы бойынша – 8,9 трлн теңгеге дейін және Маңғыстау облысы бойынша – 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды, Атырау облысы бойынша – 42 мың және Маңғыстау облысы бойынша – 55 мың жұмыс орынын құруды, Атырау облысы бойынша – 3,5 млн-нан астам және Маңғыстау облысы бойынша – 4 млн тұрғын үй шаршы метрін пайдалануға беруді, халықтың нақты табысын Атырау облысы бойынша – 18 пайызға және Маңғыстау облысы бойынша – 22 пайызға өсіруді қамтамасыз етеді», деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, кешенді жоспарларды іске асыру аясында 2021 жылы Атырау облысы бойынша – 1 193 адам (тұрақты – 186 адам, уақытша – 1 007 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 13 894 адам (тұрақты – 3 891 адам, уақытша – 10 003 адам) жұмысқа орналастырылды.

«Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша – 528 адам (тұрақты – 112 адам, уақытша – 416 адам) және Маңғыстау облысы бойынша – 9 295 адам (тұрақты – 977 адам, уақытша – 8318 адам) жұмысқа тұрды. Кешенді жоспарларды уақтылы орындау және іске асыру Үкіметтің бақылауында», деді Әлихан Смайылов.