Жетісайлық тұрғын Түркиядан арзан бағада алтын әшекейлер әкеліп беремін деп көршісін алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, танысы сеніміне кіріп, 16 130 000 теңге ақшасын және 2 млн теңгеге бағаланатын алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.
«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберген», делінген хабарламада.
Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.