Францияның оңтүстігіндегі Гард департаментіне қарасты Обай аймағында кеше тұтанған өрт 370 гектар жасыл алқапты шарпып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
BFMTV арнасының хабарлауынша, өрт түнде ауыздықталған. Жұмыс кезінде жеті өрт сөндіруші зардап шеккен, олардың біреуі ауыр халде.
Сондай-ақ екі ангар мен үш үй өртеніп кеткен. Қауіпсіздік мақсатында бірнеше отбасы эвакуацияланған.