Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемі жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биылғы 2-8 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Мәңгілік ел даңғылының Достық көшесінен Сарайшық көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскесіндегі жол жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген көлік басқармасының хабарламасында.