• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2022

Су үстінде лотос гүлдеді

1033 рет
көрсетілді

Тылсым табиғаттың таңғажайып сәті көп. Жыл сайын осы мезгілде Атырау облысындағы Қиғаш өзенінің сағасында лотос гүлдейтін аумақ бар. Лотостың гүлде­генін тамашалауға келетіндер саны көбейеді.

Қиғаш өзеніне дейін Ақ­­төбе – Атырау – Ресей шека­ра­сы жолымен ға­на жетуге болады. Ара­қа­шық­­тық – 300 шақырымға жуық.

– Өзен сағасындағы лотос өскен алқапқа қайық­сыз жету мүмкін емес. Гүл­дің хош иісі мұрныңды жара­ды. Су бетінде гүлдеп тұрған лотостың әде­мі­лігін тек көз­бен көру керек. Судың үстіне қызыл кілем жа­йып қойғандай әсер бере­ді, – дейді сирек кездесетін гүл ал­қабына бар­ған Самат Аманәліұлы.

Елімізде Қиғаш өзенінің са­ғасында ғана гүлдей­тін лотостың түсі – қызғылт. Бұл гүл батпақты, сулы жердегі бес мың гектарға жуық аумақ­та өседі. Биіктігі 1,5 метрге де­йін жетеді. Су ортасында гүл­дейтін лотос таңертең қауызын ашып, кешке қайта жабады. Таңертең су бетінде қауызын ашқанда құрғақ болып тұрады.

Бұл гүлді үндістер мен вьет­­­намдықтар тазалық­тың сим­­волы ретінде баға­лайды екен. Тіпті оның емдік қасие­ті туралы дерек бар. Тұ­қы­­­мын­­дағы ақуыз бүйрек пен көк­­­ба­уыр, жүрек ауруы мен ұй­­­қы­­­сыздықты емдеуге қолда­ны­лады.

Алайда лотос гүлін жұ­луға болмайды. Өйткені бұл гүл еліміздегі сирек кез­де­сетін өсімдіктердің тізіміне енгі­зілген.

 

Атырау облысы