Ирандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz ИРНА-ға сілтеме жасап.
«Су тасқынынан қайтыс болғандар саны 56 адамға жетті. Өкінішке қарай, біздің 18 азаматымыз жоғалғандар тізімінде. Біздің команда су тасқыны болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр», деді Иран Қызыл Жарты Ай құтқару және көмек көрсету қызметінің басшысы Мехди Велипур.
Оның айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 3700 адам уақытша баспанамен қамтылған. 2500 адам құтқарылып, қауіпсіз ауданға көшірілген.