• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Тамыз, 2022

Елімізде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

349 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағында науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Бұл туралы Үкімет отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу тақырыбын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 16 атауы бойынша екі айлық қоры қамтамасыз етілді. Ал емханалар мен амбулаторияларда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алынып, қор жасақталды. Бұл өз кезегінде 80 мың пациентке жеткілікті», деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, қосымша бірыңғай дистрибьютор қоймаларына 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынды.

«Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр», деді ведомство басшысы.