• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 03 Тамыз, 2022

Елордада 11 мектеп салынады

783 рет
көрсетілді

Соңғы үш жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 34 мектеп салынды. Енді 70 мыңнан астам елордалық оқушы заманауи ғимараттарда білім ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы 3 жыл ішінде елордада 34 мектеп бой түзеп, пайдалануға берілді. Есіктерін жаңадан ашқан оқу орындары 70 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді.

Қалада тағы 11 білім беру мекемелерінің құрылысы жоспарланған. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында жүріп жатыр.

«Соңғы 2 жылдың өзінде халық тығыз қоныстанған Есіл ауданында - 12 мектеп, Алматы ауданында - 7, Байқоңыр ауданында - 4, Сарыарқа ауданында - 2 мектеп салынды. Биыл қалада тағы 11 мектеп салынады. Аталған оқу орындары қосымша 23 мыңнан астам оқушы орнын ашуға ықпал етеді», делінген Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы таратқан хабарламада.

Мәселен, Сарыарқа ауданында орналасқан №65 мектептің ерекшелігі – инклюзивті білім беру бағдарламасы. Бұл мектепте есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар оқиды. Мұнда барлығы 3 мыңнан астам оқушы білім алып жүр, бұл оқу орнына жүктелген тиісті жүктемеден асып түседі. Мектептің қуатын арттыру үшін жанынан жаңа корпус салынып жатыр.