• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2022

Кувейтте парламент таратылды

231 рет
көрсетілді

Сейсенбі күні Кувейттің тақ мұрагері шейх Машал әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабах елдің Ұлттық ассамблеясын (парламент) ресми түрде тарату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Тақ мұрагері жарлықта парламентті тарату елдің бірлігіне қауіп төндіретін қазіргі алауыздықтар мен дауларды жоюға бағытталғанын айтты.

22 маусымда мұрагер Машал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Кувейт Әмірі шейх Наваф әл-Ахмед әл-Джабер Ас-Сабахтың атынан теледидар арқылы сөз сөйлеп, заң шығарушы биліктің әкімшілік органдардың жұмысында үнемі араласуы мен әкімшілік органдардың өз міндеттерін тиісінше орындамауы тараптар арасындағы қарым-қатынастардың үзілуіне әкеліп соқтырғанын мәлімдеді.

Конституцияға сәйкес, Ұлттық жиналысты таратып, кезектен тыс парламент сайлауын өткізу шешімі қабылданды.