Апат кезінде ұшқыштар ұшақтан шығып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусына тиесілі Су-22 жойғыш ұшағы Фарс провинциясының Шираз әуе базасынан көтерілу кезінде құлаған.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, апатқа техникалық ақаулар себеп болған.