• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Тамыз, 2022

Әлеуметтік осал топтағы елордалықтар азық-түлікті жеңілдікпен сатып алады

394 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазіргі кезде «Магнум» ЖШС-мен бірлесе «Сусын» картасы бойынша арзандатылған тауарды өткізудің қанатқақты жобасын пысықтап жатырмыз. Яғни оларда өздерінің карталары бар. Осы орайда халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін енгізбекпіз. Бұл тұрғыда 160 мыңға тарта адам бар», деді Ержан Балтаев қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысы барысында.

Оның айтуынша, аталған карта арқылы азық-түлік өнімдерін осы санаттағы адамдар ғана алады.

«Ал табысы жеткілікті деңгейдегі адамдар өнімді нарық бағасымен сатып алады. Атап айтқанда, қаралып отырған бұл қадамдар арзандатылған тауарды халықтың әлеуметтік осал топтарына өткізуге мүмкіндік береді», деді басқарма басшысы.