Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияның Хехинген қаласында өткен жекелей разряд турнирінде дебют жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Америкалық теннисші Кьяра Шолльмен өткен матчта Данилина 2:6, 3:6 есебімен екі сетте жеңіліп қалды.
Кездесу бір сағат бес минутқа созылды. Дода топырақ үстінде ITF сериялы неміс турнирінің 1/16 финалында өтті.
Қазақстандық жеке разрядта WTA рейтингінде 357-ші орында және жұптық разрядта 19-шы орында тұр. Бұл қазақстандықтар арасындағы үздік көрсеткіш.