Францияның Бержерак қаласындағы ұнтақ шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 80 адам жұмыс істейтін зауытта сағат 14:00 шамасында жарылыс болған. Ауыр жараланған 8 адамнан бөлек тағы 35-і түтінге уланған. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, аталған зауыт қару-жарақ өнеркәсібіне арналған жарылғыш заттарды өндіруге пайдаланылатын нитроцеллюлоза шығарады.