• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Медицина 04 Тамыз, 2022

Қазақстанда маймыл шешегін диагностикалаудың әдістемесі әзірленуде

236 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Маймыл шешегі бойынша 89 елде 25 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ауру аталған елдерде көбінесе жеңіл түрде өтіп жатыр. Мысалы, бүгінгі ақпаратты қарасақ, 7 елде 8 жағдай болған, яғни ауру кең тарап жатқан жерлерде - бір елде бір-бір қайғылы жағдай болған», деді министр.

Айтуынша, қазір министрлік мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келіп жатқан әрбір ақпаратпен жұмыс істеп отыр.

«Ұйымның кеңесі - маймыл шешегіне қарсы арнайы екпе жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан, аталған ұйым тарапынан қандай да бір нұсқау болса, соны орындауға тырысамыз. Ал өзіміз осы ауруға ұқсас симптомдары бар науқастарға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Сонымен бірге аталған аурудың диагнозын қою үшін диагностикумдар алып қоймақпыз. Өзіміздің қызметкерлерді әзірлеп, оқытып, осы ауруды емдеуге нұсқау болатын және диагностика қоюдың әдістемесін белгілейтін хаттама әзірленеді. Біздің үлкен мамандарымыз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен бірге осы бағытта жұмыс істеп жатыр», деді Ажар Ғиният.