• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Тамыз, 2022

ТЖД суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

335 рет
көрсетілді

Елордалық ТЖД рұқсат етілмеген жағажайларда суға шомылу қаупі туралы ескертіп, демалушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Статистикаға сәйкес суда қаза болу жағдайларының 80%-ға жуығы жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылу, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде суға түсу себебінен болады. Суда қауіпсіз демалу адамның өзін-өзі ұстау тәртібіне байланысты.

Өзіңізді және отбасыңызды қорғау үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:

1. Тек арнайы бөлінген орындарда, жабдықталған жағажайларда шомылыңыз, қауіпті жағдайда сіз құтқарушының мамандандырылған көмегін ала аласыз. Қалада шомылуға рұқсат етілген орындар: Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс орындары. 2. Мас күйде шомылмаңыз. Бұл – судағы адам өлімінің негізгі себебі. 3. Қайықтарға жақын жүзбеңіз. 4. Қайықтар мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану ережелерін сақтаңыз: оларға шамадан тыс күш түсірмеңіз, шайқамаңыз, олардан суға секірмеңіз, қайыққа қажет болған жағдайда алдынан немесе арт жағынан көтерілу керек. Есіңізде болсын, қайықта отырғандардың арасында бір адам жүзе алмауы мүмкін. 5. Жүзе алмаған жағдайда үрлемелі матрастарды, камераларды, тақталарды қолданбаңыз. Тіпті ақырын соққан жел оларды жағадан алыс алып кетуі мүмкін. 6. Егер сіз жүзе алмасаңыз, суға тек белбеу арқылы түсіңіз. 7. Шомылуға арналған орындарда арнайы орнатылған қоршаулардан асып жүзбеңіз. Бұл – ескерту белгісі. Ұзақ жүзу – бұл гипотермия, бұлшықеттің шамадан тыс жұмысы, дененің құрысып қалуы, ал оның соңы өлімге әкелуі мүмкін. 8. Суда ерсі әрекеттер жасамаңыз. Суға малтып, жүзіп жүргендерге тап бермеңіз, өзгелерді қорқытпаңыз. 9. Жалған апат сигналдарын бермеңіз. 10. Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.