• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2022

Орал механикалық зауытында өрт шықты

390 рет
көрсетілді

Орал механикалық зауытында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша, оқиға 5 тамыз күні сағат 11:55-те болды.

«Орал механикалық зауыты» ЖШС аумағында 2-цех шатыры мен жарық шамы жанды. Өрт аумағы – 240 шаршы метр. Жедел штаб құрылып, «тілсіз жауды» ауыздықтауға 15 техника, 56 адам жұмылдырылды. Өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мәліметі бойынша жыл басынан бері өңірде 263 өрт тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапты, 4 адам түрлі жарақат алды. Өрттен келген шығын 177,7 млн теңгеге жуықтады.