• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Тамыз, 2022

Мұнай кенішінен адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылды

279 рет
көрсетілді

Жалағаш ауданы аумағында орналасқан «Майбұлақ» кеніші аймағында адам сүйектеріне ұқсас қаңқалар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талабына сәйкес әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», деді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.