• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2022

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тапты

187 рет
көрсетілді

Маңғыстауда жол апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды  Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 тамызда таңғы сағат 9:00 шамасында болған. УАЗ көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бара жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан Toyota Prado-ға соғылып, көліктер өртенген.

УАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. 5 адам жарақат алды.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», деді Полиция департаменті баспасөз қызметінен.